Авторларды таңдау байқауының өткізілетіндігін хабарлаймыз.

 2014-2015 жылдар аралығында редакторлардың қолдауымен 7-сыныптар үшін «Математика», «Химия», «Физика», «Биология», «Информатика», «Өнер», «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша оқыту-әдістемелік кешен жазуға тартылатын авторларды таңдау байқауының өткізілетіндігін хабарлаймыз.

Байқаудың өткізілетін орны: «Білім беру ресурстары орталығы» ЖМ, 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, «Аңсар» БО, 25-үй, анықтама телефоны:  55-21-80, 55-21-74, 55-21-73,  е-mail: Ashimov_a@nis.edu.kz, Raiskhanova_g@c.nis.edu.kz – 10.10.2014 жыл, сағ.15:00.

Саны: Негізгі мектепке оқыту-әдістемелік кешен дайындайтын авторлар қатысымы 54 бірлікті құрайды.

Байқау қатысушыларына қойылатын жалпы кәсіби талап:

Функционалды міндеттері: авторлармен, редакторлармен және өзге де пәндер көлеміндегі команда мүшелерімен белсенді қарым-қатынаста болу; берілетін мазмұнның (контенттің) кіріктірілген білім беру бағдарламасы талаптарына сай дайындалуы; берілетін білім мен дағдылардың бірізділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету; өмір бойында оқушыны өз бетімен білім ала білуге үйретуді дамыта білім беру принціпіне сәйкес жүзеге асыру; сұрақтар дайындау, детальді және толық талдау жасап, есеп беру, қателер табылған жағдайда оған уақытылы түзету енгізіп, кері байланыс орнату; иллюстрациялармен жұмыс істей білу; түстер мен стильді дұрыс таңдай білу, оқушылардың түстерге қатысты танымдық қабілеттерін бағамдай білу, мәтін мен сурет арасындағы тепе теңдікті басты назарда ұстау; авторлық құқықты реттеуге қатысты Қазақстан Республикасының білім беру стандартын және Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілерін  білу; мектепке арналған оқулық сапасына қойылатын талапты топпен және жеке жұмысы барысында ескеру, аталған стандарттарды басшылыққа алу. 

Байқауға қатысушыларға қойылатын талап: мұғалімнің мамандығы бойынша жоғарғы білімнің болуы, мұғалімнің 3 жылдан кем емес педагогикалық өтілі, ғылыми атағының болуы ерекше қошталады; өз міндетін атқаруда мемлекеттік тіл мен ағылшын тілін жеткілікті деңгейде меңгеруі;  құжат айналымы және офистік бағдарламалармен жұмыс істей білуі; өз пәнінің білікті маманы болумен қатар, оқулық және оқу материалдарын құрастыруда түсінігі мен қарымының жетімділігі, өз пәні аясында ғылыми мақалалары мен ғылыми-әдістемелік еңбектерінің болуы; оқу материалын кіріктірілген білім беру бағдарламасы талаптарына  сәйкес құрастыруы;  бір пән көлемінде түрлі білім беру деңгейлерінің арасындағы өзара үндестік пен бірізділікті  сақтауы, сондай-ақ, барлық пәндердің оқу жоспарына сәйкес оқу пәндері арасындағы байланыс пен бірізділікті қатерге алуы (ғылымилық, бірізділік, логикалық реттілігі, жүйелілігі);  оқулық пен оқу материалын әзірлеуде инновациялық әдістер мен технологияларды, өмірде кездесетін мәселелерді шешуге бағытталған тәжірибелерді үйрететін оқу-танымдық әрекет түрлерін тиімді пайдалануы; АҚТ (ақпараттармен жұмыс істеу құзыреттілігін қалыптастыру: іздеу, өңдеу, жолдау, басқару ), сыни тұрғыда ойлау стратегиясын қолдана білуі, оқушылардың психологиялық жас ерекшелігі мен түрлі кезеңдердегі оқу қабілеттерін тануы, өз жұмысын тиімді жоспарлап,  топпен жұмыс істей білу тәжірибесінің болуы, жеке кәсіпкерлікпен айналыспауы құпталады.

          Байқауға қатысуға тілек білдірушілер 2014 жылдың 09 қазанға, сағ.18.00-ге дейін төменде көрсетілген электронды поштаға жолдауыңыз сұралады:

Ashimov_a@nis.edu.kz, Raiskhanova_g@c.nis.edu.kz

 

Үміткерлерден сұралатын скан-көшірме құжаттар тізімі:

1) түйіндеме;
2)
жеке басын куәландыратын куәлік (паспорт);
3)
білімі туралы құжат көшірмесі;
4)
жұмыс орнынан берілетін анықтама қағазы (егер үміткер жұмысбасты болса).

Тұлғалар өздерінің білімі, қызмет өтілі, кәсіби деңгейі мен марапаты, ғылыми атағы, мінездемесі, ғылыми жарияланымдары туралы т.б. қосымша құжаттарды да жолдай алады.

Жұмыс орнынан алынған түпнұсқа анықтама қағазы Басқарманың әкімшілік-ұйымдастыру бөліміне жолданады. Біздің мекен-жайымыз: «Білім беру ресурстары орталығы» ЖМ, 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, «Аңсар» БО,   25-үй, №1кабинет).