Ақпарат

«Білім беру ресурстары орталығы» Жеке Мекемесі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның  еншілес ұйымы ретінде 2013 жылғы 3-мамырда құрылған.
Ұран: Оқуға шабыттандырамыз!
Міндет: Оқу процесіне білім беру ресурстарын және ақпараттық технологияларды әзірлеу, біріктіру арқылы білім беру сапасы мен қол жетімділігін арттыру.
Мақсат: Үздіксіз дамып жатқан IT – инфрақұрылымды қолдану арқылы Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Қазақстангың орта білім беру ұйымдарын жоғары сапалы білім беру ресурстарының сан алуан түрлерімен қамтамасыз ету. 

Білім беру ресурстары орталығының негізгі бағыттары:

1. Білім беру ресурстарын әзірлеу, бейімдеу және біріктіру;
2. Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесінің ақпараттық кеңістігін дамыту;
3. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ IT-инфрақұрылымын жаңарту.

Білім беру ресурстары орталығының стратегиялық мақсаттары:

— Зияткерлік мектептерінің біріктірілген білім беру бағдарламасына және мемлекеттік жалпыға міндетті ҚР білім беру стандартына сәйкес (тапсырыс бойынша) негізгі білім беру ресурстары мен оқу материалдарын әзірлеу мен тарату..

— Оқушыларды оқытуға қолдау көрсету ретінде қосымша білім беру ресурстарын әзірлеу, бейімдеу, сатып алу және кеңейту.

— Зияткерлік мектептерге енгізуге арналған ұсыныстарды жасау үшін білім беру ресурстары және IT саласындағы отандық және халықаралық нарықтарды бақылау.

— Ақпараттық кеңістікті құру және оған мүдделі тұлғаларды (оқушы, мұғалім, ата-ана, әкімшілік, қоғам) тарту негізінде оқытудағы қол жетімділікті, үздіксіздікті, дербестікті жоғарылату.

— Үштілдік (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) қолданушыға бағытталған IT-инфрақұрылымның үздіксіз дамуы.

— Қазақстандық автор, редактор, дизайнер, әшекейлеуші, суретші, аудармашы, бағдарламашы, аниматор және бұқаралық ақпаратты зерттеуші мамандарын халықаралық талаптарға сай оқыту және кәсіптік дамуына қолдау көрсету (ДББҰ жұмысы үшін).

— Орталықтың кәсіптік қызметін қолдау мақсатында автор, редактор, дизайнер, әшекейлеуші, суретші, аудармашы, бағдарламашы, аниматор және бұқаралық акпаратты зерттеуші мамандарының әлеуетін арттыру.

— Қазақстанның орта білім жүйесіне ББРО тәжірибесін трансляциялау.

— Қазақстанның орта білім жүйесіне ББРО тәжірибесін трансляциялау.

Білім беру ресурстары орталығы келесі бөлімдерден құрылған: контент әзірлеу бөлімі, аударма-редакциялық бөлімі, сандық білім беру бөлімі, ақпараттық технологиялар бөлімі, қаржы-экономикалық бөлімі, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімі.

Мекенжай: Астана қ, Сығанақ к-сі, 25, «Аңсар» БО ғимараты 1-қабат
Телефон (факс): 8 (7172) 55 21 80
e-mail: info@c.nis.edu.kz