Бос жұмыс орындары

Біз алға қойылған мақсаттарға кәсіби және шығармашылық жолмен қол жеткізетін, компанияның өндірістік процестерін қолдап жетілдіре алатын, сонымен қатар, білім беру ресурстары мен ақпараттық технологияларды әзірлеуге белсенді ат салысатын, әртүрлі бағыттарда қызмет ететін білікті мамандарды шақыруға дайынбыз:


• Программист-әзірлеуші
• Дизайнер, Аниматор
• IT – мамандар (тех.қолдау, аналитика)
• Аудармашы (ағылшын тілі – орыс тілі – қазақ тілі)
• Редактор (ағылшын тілі – орыс тілі – қазақ тілі)
• Методолог (ғылыми дәрежесі бар мамандар, “Математика”, “Физика”, “Химия”, “География”, “Биология”, “Информатика”, “Тарих”, “Қазақ тілі”, “Орыс тілі” пәндерінің мұғалімдері)”Математика”,”Физика”,”Химия”,”География»,”Биология”, “Информатика”, “История”,”Казахский”,”Русский”)

ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

• Жоғары кәсіби білім
• Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес
• Тіл білімі (орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын тілі)
• Дербес компьютердің икемді қолданушысы
• Сауатты сөйлеу және жазу
• Командалық жұмыс барысында жобаларды, презентацияларды және т.б. әзірлеу және алға итермелеу қабілеті мен дағдылары
• Зиялылық, ізгі ниеттілік, байланысқа бейімділік, шығармашылық, өсіп-өркендеуге құштарлылық.

БІЗДІҢ ҰСЫНАТЫНЫМЫЗ:

• Мемлекетік деңгейде маңызы зор жобалардың жүзеге асырылуына ат салысу арқылы кәсіби және жеке даму мүмкіндігі бар жаңа, әрі жас компаниядағы кызықты және келешегі бар жұмыс атқару
• Бес күндік жұмыс аптасы
• Сұхбаттан сәтті өткен үміткерге лайықты жалақы тағайындау
• Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес ресімдеу
• Әлеуметтік қолдау көрсету (медициналық сақтандыру, қызметтік ұжымдық көлік, өмірлік маңызы бар оқиғаларға сәйкес бір жолғы төлемдер)


ЕГЕР СІЗ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ЖӘНЕ ЖАҢА БАСТАМАЛАРҒА БЕЛ БУСАҢЫЗ, ӘРІ БІЗДІҢ ТАЛАПТАРЫМЫЗҒА САЙ КЕЛСЕҢІЗ, ОНДА БІЗ СІЗДІҢ ТҮЙІНДЕМЕҢІЗДІ АСЫҒА КҮТЕМІЗ!!!

өз түйіндемеңізді «резюме» деген белгі қойып, мына info@c.nis.edu.kz мекенжайға жіберіңіз