Жаңалықтар

Авторлардың конкурстік іріктеуі жариялау.

2014 жылдың 18-25 тамыз арасында «Математика», «Дүниетану», «Өнер», «Информатика»,  «Ғылымға кіріспе» пәндері бойынша 3 сыныпқа арналған оқу-әдістемелік құралды әзірлеу үшін авторлардың конкурстік іріктеуі жарияланады.

Конкурстің өткізілетін орны:
«Білім беру ресурстары орталығы» Жеке мекемесі, 010000, Астана қ., Сығанак к-сі, «Аңсар» БО,  25 үй.
Анықтама үшін байланыс телефоны: 55-21-84, 55-21-94
е-mail: Akimzhanov_y@c.nis.edu.kz25 тамыз 2014, 15:00

Бастауыш мектепке арналған оқу-әдістемелік құралының авторлар-әзірлеушілер саны: 18

КОНКУРС ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ЖАЛПЫ БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ

Функционалдық міндеттер:
– бастауыш мектепке және пәндік оқу бағдарламаларға арналған  Біріктірілген оқу бағдарламасының талаптарына сай оқу-әдістемелік құралды әзірлеу (оқулық, жұмыс дәптері, мұғалімге арналған нұсқаулық);
– ғылымдылық, реттілік, қисындылық пен жүйелілік қағидаттарына  сәйкес, мәтін мен тапсырмалар мазмұнының сабақтастығы мен өзаракелісушілікті сақтау;
– оқушылардың жас ерекшеліктері мен критериалдық бағалаудың негіздерін еске ала отырып, оқытуды сараланған тәсілмен  қамтамасыз ету;
– түрлі-түсті суреттерді түсіну үшін, балалардың танымдық қабілеттерін еске ала отырып, түстер мен стильдерді дұрыс таңдау, иллюстрацияларды суреттеу ; суреттер пен мәтін мазмұны арасындағы балансты;
– іс-әрекеттің дәл және толық талдауын жасау, қателер бар болған кезде оларды түзету;
– авторлық құқықты регламенттейтін Қазақстан Республикасының білімінің мемлекеттік стандартын, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу; мектепке арналған кітаптардың сапасына қойылатын талаптарды білу және командамен немесе өзіндік жұмыс істеу процесі кезінде бұл стандарттарды қолдану;
– сыни ойланудың стратегияларын пайдалану; балалардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескеру;
– авторлық қызметті тиімді жоспарлау және команданың ішінде жұмыс істеу мен ынтымақтастық тәжірибесінінің бар болуы.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
мамандығы бойынша жоғары білім;
3 жылдан кем емес педагогикалық өтілімі бар мұғалімдер, ғылыми дәрежесінің бар болуы, өздерінің функционалды міндеттерді атқарғанда керек болатын жақсы дәрежеде мемлекеттік және ағылшын тілдерін білу;
офистік бағдарламалармен және құжат айналым бағдарламалармен жұмыс істеу икемділігі.
Оқулық пен оқу материалдарын  жасауда түсініктің немесе тәжірибенің бар болуы және өз пән саласында кәсіпқой болу.
Оқулық пен оқу материалдарын әзірлеу барысында педагогикалық технологиялар мен инновациялық тәсілдерді тиімді қолдану.
Оқушыға өмірлік проблемаларды шешуге бағыт көрсететін, оқу-танымдық қызметінің даму әдістерін білу.

Авторларға кандидаттар жеке кәсіпкерлер болмауы керек.
Конкурстік іріктеуге қатысам деген тұлғалар, 2014 жылдың  11 қыркүйек күні сағат 18.00-ге дейін, келесі құжаттардың скан-көшірмелерін  алдын ала мына төмендегі

е-mail: Akimzhanov_y@c.nis.edu.kz адресіне жібереді.
1) резюме;
2) жеке күәлік көшірмесі (паспорт);
3) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
4) жұмыс орнынан анықтаманың түпнұсқасы (егер кандидат жұмыспен қамтамасыз етілсе).

Жұмыс орнынан анықтаманың түпнұсқасы соңында Жеке мекеменің Әкімшілік-ұымдастыру бөліміне жіберіледі. (Адрес: 010000, Астана қ, Сығанак көшесу, «Ансар» БО, ү. 25. «Білім беру ресурстар орталығы» Жеке мекемесі,  №1 кабинет).

Тұлғалар өздерінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіптік деңгейі мен атағы туралы қосымша ақпаратты бере алады (құжаттардың көшірмесі, біліктілікті арттыру курстары туралы сертификаттар, ғылыми дәрежелер мен лауазымдарды  иелену, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми басылымдар).

Толығырақ

Авторларды таңдау байқауының өткізілетіндігін хабарлаймыз

 Аралығында редакторлардың қолдауымен 1-сыныптар үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті» (бірінші тіл ретінде – L1), «Орыс тілі мен әдебиеті» (бірінші тіл ретінде – L1), «Қазақ тілі» (екінші тіл ретінде – L2), «Орыс тілі» (екінші тіл ретінде – L2) пәндері бойынша оқыту-әдістемелік кешен жазуға тартылатын авторларды таңдау байқауының өткізілетіндігін хабарлаймыз.

 

Байқаудың өткізілетін орны: «Білім беру ресурстары орталығы» ЖМ, 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, «Аңсар» БО, 25-үй, анықтама телефоны:  55-21-80, 55-21-74, 55-21-73,  е-mail: Orsarinova_zh@c.nis.edu.kz – 13 маусым 2014 жыл, сағ.15:00.

Саны: Негізгі мектепке оқыту-әдістемелік кешен дайындайтын авторлар қатысымы 16 бірлікті құрайды.

Байқау қатысушыларына қойылатын жалпы кәсіби талап:

Функционалды міндеттері: авторлармен, редакторлармен және өзге де пәндер көлеміндегі команда мүшелерімен белсенді қарым-қатынаста болу; берілетін мазмұнның (контенттің) кіріктірілген білім беру бағдарламасы талаптарына сай дайындалуы; берілетін білім мен дағдылардың бірізділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету; өмір бойында оқушыны өз бетімен білім ала білуге үйретуді дамыта білім беру принціпіне сәйкес жүзеге асыру; сұрақтар дайындау, детальді және толық талдау жасап, есеп беру, қателер табылған жағдайда оған уақытылы түзету енгізіп, кері байланыс орнату; иллюстрациялармен жұмыс істей білу; түстер мен стильді дұрыс таңдай білу, оқушылардың түстерге қатысты танымдық қабілеттерін бағамдай білу, мәтін мен сурет арасындағы тепе теңдікті басты назарда ұстау; авторлық құқықты реттеуге қатысты Қазақстан Республикасының білім беру стандартын және Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілерін  білу; мектепке арналған оқулық сапасына қойылатын талапты топпен және жеке жұмысы барысында ескеру, аталған стандарттарды басшылыққа алу. 

 

Байқауға қатысушыларға қойылатын талап: мұғалімнің мамандығы бойынша жоғарғы білімнің болуы, мұғалімнің 3 жылдан кем емес педагогикалық өтілі, ғылыми атағының болуы ерекше қошталады; өз міндетін атқаруда мемлекеттік тіл мен ағылшын тілін жеткілікті деңгейде меңгеруі;  құжат айналымы және офистік бағдарламалармен жұмыс істей білуі; өз пәнінің білікті маманы болумен қатар, оқулық және оқу материалдарын құрастыруда түсінігі мен қарымының жетімділігі, өз пәні аясында ғылыми мақалалары мен ғылыми-әдістемелік еңбектерінің болуы; оқу материалын кіріктірілген білім беру бағдарламасы талаптарына  сәйкес құрастыруы;  бір пән көлемінде түрлі білім беру деңгейлерінің арасындағы өзара үндестік пен бірізділікті  сақтауы, сондай-ақ, барлық пәндердің оқу жоспарына сәйкес оқу пәндері арасындағы байланыс пен бірізділікті қатерге алуы (ғылымилық, бірізділік, логикалық реттілігі, жүйелілігі);  оқулық пен оқу материалын әзірлеуде инновациялық әдістер мен технологияларды, өмірде кездесетін мәселелерді шешуге бағытталған тәжірибелерді үйрететін оқу-танымдық әрекет түрлерін тиімді пайдалануы; АҚТ (ақпараттармен жұмыс істеу құзыреттілігін қалыптастыру: іздеу, өңдеу, жолдау, басқару ), сыни тұрғыда ойлау стратегиясын қолдана білуі, оқушылардың психологиялық жас ерекшелігі мен түрлі кезеңдердегі оқу қабілеттерін тануы, өз жұмысын тиімді жоспарлап,  топпен жұмыс істей білу тәжірибесінің болуы, жеке кәсіпкерлікпен айналыспауы құпталады.           

 

          Байқауға қатысуға тілек білдірушілер 2014 жылдың 12-маусымы, сағ.18.00-ге дейін төменде көрсетілген электронды поштаға жолдауыңыз сұралады: Orsarinova_zh@c.nis.edu.kz

 Үміткерлерден сұралатын скан-көшірме құжаттар тізімі:

1) түйіндеме;
2)
жеке басын куәландыратын куәлік (паспорт);
3)
білімі туралы құжат көшірмесі;
4)
жұмыс орнынан берілетін анықтама қағазы (егер үміткер жұмысбасты болса).

Тұлғалар өздерінің білімі, қызмет өтілі, кәсіби деңгейі мен марапаты, ғылыми атағы, мінездемесі, ғылыми жарияланымдары туралы т.б. қосымша құжаттарды да жолдай алады.

Жұмыс орнынан алынған түпнұсқа анықтама қағазы Басқарманың әкімшілік-ұйымдастыру бөліміне жолданады. Біздің мекен-жайымыз: «Білім беру ресурстары орталығы» ЖМ, 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, «Аңсар» БО,   25-үй, №1 кабинет).

 

Толығырақ

Редакторлардың таңдау байқауының өткізілетіндігін хабарлаймыз.

 Редакторлардың қолдауымен 2-сыныптар үшін «Математика», «Химия», «Физика», «Биология», «ИКТ», «Өнер», «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша оқыту-әдістемелік кешен жазуға тартылатын авторларды таңдау байқауының өткізілетіндігін хабарлаймыз.

Байқаудың өткізілетін орны: «Білім беру ресурстары орталығы» ЖМ, 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, «Аңсар» БО, 25-үй, анықтама телефоны:  55-21-80, 55-21-74, 55-21-73,  е-mail: Ashimov_a@nis.edu.kz, Orsarinova_zh@c.nis.edu.kz – 18.03.2014 жыл, сағ.15:00.

Саны: Бастауыш мектепке оқыту-әдістемелік кешен дайындайтын авторлар қатысымы 28 бірлікті құрайды.

Байқау қатысушыларына қойылатын жалпы кәсіби талап:
Функционалды міндеттері:
авторлармен, редакторлармен және өзге де пәндер көлеміндегі команда мүшелерімен белсенді қарым-қатынаста болу; берілетін мазмұнның (контенттің) кіріктірілген білім беру бағдарламасы талаптарына сай дайындалуы; берілетін білім мен дағдылардың бірізділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету; өмір бойында оқушыны өз бетімен білім ала білуге үйретуді дамыта білім беру принціпіне сәйкес жүзеге асыру; сұрақтар дайындау, детальді және толық талдау жасап, есеп беру, қателер табылған жағдайда оған уақытылы түзету енгізіп, кері байланыс орнату; иллюстрациялармен жұмыс істей білу; түстер мен стильді дұрыс таңдай білу, оқушылардың түстерге қатысты танымдық қабілеттерін бағамдай білу, мәтін мен сурет арасындағы тепе теңдікті басты назарда ұстау; авторлық құқықты реттеуге қатысты Қазақстан Республикасының білім беру стандартын және Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілерін  білу; мектепке арналған оқулық сапасына қойылатын талапты топпен және жеке жұмысы барысында ескеру, аталған стандарттарды басшылыққа алу.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талап:
мұғалімнің мамандығы бойынша жоғарғы білімнің болуы, мұғалімнің 3 жылдан кем емес педагогикалық өтілі, ғылыми атағының болуы ерекше қошталады; өз міндетін атқаруда мемлекеттік тіл мен ағылшын тілін жеткілікті деңгейде меңгеруі;  құжат айналымы және офистік бағдарламалармен жұмыс істей білуі; өз пәнінің білікті маманы болумен қатар, оқулық және оқу материалдарын құрастыруда түсінігі мен қарымының жетімділігі, өз пәні аясында ғылыми мақалалары мен ғылыми-әдістемелік еңбектерінің болуы; оқу материалын кіріктірілген білім беру бағдарламасы талаптарына  сәйкес құрастыруы;  бір пән көлемінде түрлі білім беру деңгейлерінің арасындағы өзара үндестік пен бірізділікті  сақтауы, сондай-ақ, барлық пәндердің оқу жоспарына сәйкес оқу пәндері арасындағы байланыс пен бірізділікті қатерге алуы (ғылымилық, бірізділік, логикалық реттілігі, жүйелілігі);  оқулық пен оқу материалын әзірлеуде инновациялық әдістер мен технологияларды, өмірде кездесетін мәселелерді шешуге бағытталған тәжірибелерді үйрететін оқу-танымдық әрекет түрлерін тиімді пайдалануы; АҚТ (ақпараттармен жұмыс істеу құзыреттілігін қалыптастыру: іздеу, өңдеу, жолдау, басқару ), сыни тұрғыда ойлау стратегиясын қолдана білуі, оқушылардың психологиялық жас ерекшелігі мен түрлі кезеңдердегі оқу қабілеттерін тануы, өз жұмысын тиімді жоспарлап,  топпен жұмыс істей білу тәжірибесінің болуы, жеке кәсіпкерлікпен айналыспауы құпталады. 

          Байқауға қатысуға тілек білдірушілер 2014 жылдың 17 наурызгі, сағ.18.00-ге дейін төменде көрсетілген электронды поштаға жолдауыңыз сұралады:

Ashimov_a@nis.edu.kz, Orsarinova_zh@c.nis.edu.kz

Үміткерлерден сұралатын скан-көшірме құжаттар тізімі:

1) түйіндеме;
2)
жеке басын куәландыратын куәлік (паспорт);
3)
білімі туралы құжат көшірмесі;
4)
жұмыс орнынан берілетін анықтама қағазы (егер үміткер жұмысбасты болса).

Тұлғалар өздерінің білімі, қызмет өтілі, кәсіби деңгейі мен марапаты, ғылыми атағы, мінездемесі, ғылыми жарияланымдары туралы т.б. қосымша құжаттарды да жолдай алады.

Жұмыс орнынан алынған түпнұсқа анықтама қағазы Басқарманың әкімшілік-ұйымдастыру бөліміне жолданады. Біздің мекен-жайымыз: «Білім беру ресурстары орталығы» ЖМ, 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, «Аңсар» БО,   25-үй, №1кабинет).

 

Толығырақ

Павлодар қаласындағы Зияткерлік мектебінде «Action research» жобасы бастау алды

2014 жылғы ақпанның 28-інші жұлдызында Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Кэмбридж университетінің білім беру факультетінің докторы Роуз МакЛеллан келіп, «Action research» жобасына қатысатын ұстаздардың алғашқы тобымен кездесті. Жобаға қатысушылардың басты мақсаты – өз тәжірибесін жақсарту үшін оқытудың тәжірибелік міндеттерін шешу.

Бұл жоба мектепте жуырда ғана бастау алғандықтан, бұл ұстаздар үшін өте пайдалы кездесу болды. Семинар кезінде зерттеудің бастапқы сатысында кездесетін мәселелер туралы сөз қозғалды. Оларға сұрақтарды қою, қолданылатын әдістердің тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін құралдарды таңдау және жоспарды дайындау жатады. Роуз іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудің алгоритмін түсіндіріп, топтың барлық туындаған сұрақтарына жауап берді.

Әңгімелесу нәтижелі өтті, себебі мұғалімдер болашақ зерттеу бойынша өз түсініктерін толықтыра алды.

Роуз МакЛеллан әрбір зерттеудің басында бұл мәселенің педагогикалық ғылымда қаншалықты зерттелген деңгейін талдау керектігін айтты. Сөйтіп, жобаға кірісетін мұғалімдерге тәжірибелік нәтижелерді қолданбай, теорияны тереңдетіп оқу сияқты жиі кездесетін қателік жайында алдын ала ескертті. Оның ойынша, берілген жұмыстің ең маңызды мақсаты – ол өз тәжірибесі, жұмыстың нәтижесі, сабақ беру үрдісінде мақсатқа жетуі, оқу кезінде оқушыларды мақсаты бойынша тұрақты рефлексия жүргізуді дағдыға айналдыру.

Пилоттық топтың барлық педагогтері аталмыш кездесуден кейін бойларында іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізуде үлкен сенімділік пайда болып, «Action research» әрбір мұғалімнің жұмысындағы шығармашылық бөлігі ретінде танылады деген ортақ пікірге келген еді.

Толығырақ
2820

Шымкент қ. НЗМ «Қазақша Уикипедия» апталығы

17-22 ақпан аралығында Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен «Қазақша Уикипедия» апталығы әр түрлі іс-шаралармен оқушылардың есінде қалды.Апталықты өткізудегі мақсат- оқушыларға Укипедияның дамуына өз үлестерін қостыртып, ана тіліміздің мәртебесін асқақтатып, қазақша уикипедияның мақалалар саны мен сапасының артуына үлес қостырту.Сонымен бірге басқа да оқушыларға, достарына ашық энциклопедия туралы айтып, білгендерін үйрету болды.

17 ақпан күні «Қазақша Укипедия» апталығы салтанатты түрде ашылды.Оқушылар апталықтың ашылуы күні апта бойында өткізілетін іс-шаралар туралы мәлімет алды. «Қазақша Укипедия» апталығы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдады. Апталық барысында «Ең үздік мақала», «Ең үздік медиафайл», «Ең көп мақала жазған шаңырақ» сияқты байқауларда өз қабілеттері мен шеберліктерін танытуға мүмкіндіктер туды. «Ең үздік эмблема», «Ең үздік постер» сынды сайыстарда жас суретшілер өз жобаларын қағаз бетіне түсіріп, сан түрлі бояулармен өрнектеп ерекше көзге түсіп, көрермендерді таңқалдырды. Ал, «Ең көп мақала жазған Шаңырақ» байқауында оқушылар өздерінің топта белсенді жұмыс жасай білетін біліктіліктерін көрсете алды.

Апталықтың салтанатты жабылуында қорытынды жасалды.Ән-жыр айтылып, көріністер көрсетілді.Нәтижесінде «Ең көп мақала жазған шаңырақ» сайысында «Хақназар хан» шаңырағы жүлделі I орын, «Керей хан» шаңырағы II орын, «Тәуекел хан» шаңырағы III орынды иеленді. «Ең үздік медиафайл» сайысы «Туған жер» тақырыбында 9 «С» сынып оқушысы Өкімбек Сағадат жүлделі I орын, «Ең үздік Уикипедия үйірмесінің эмблемасы» сайысы бойынша 11«В» сынып оқушысы Толықбек Гүлмира I орын, «Ең белсенді қатысушы» сайысы бойынша 9«В» сынып оқушысы Жүнісова Балжан жүлделі I орын , «Ең үздік мақала» сайысы бойынша 8«Д» сынып оқушысы Төлбасы Әйгерім жүлделі I орын алды, «Ең үздік постер» сайысы бойынша «Абылай  хан» шаңырағы жүлделі I орынды иемденсе, «Тәуке хан» шаңырағы II орын, ал «Жәнібек хан» шаңырағы III орынды иемденді. Жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

Толығырақ