Оқу-әдістемелік кешендер
Мектептерде 3 оқыту тілін енгізу.

Қазіргі заман жаңа мазмұнды оқуды талап етеді. Осы мақсатпен, халықаралық және отандық тәжірибеге негізделген жаңа Біріктірілген оқу бағдарламасы (БОБ) құрылды. Біздің орталығымыздың басты мақсаттарының бірі -мұғалімдер мен оқушыларды барлық талаптарына сай келетін БОБ-ға сәйкес оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу.

Сапалы бастауыш білімді асыра бағалау мүмкін емес. Осы сатыда оқушылардың негізгі қабілеттері мен икемділігі қалыптасады. Бұл қасиеттерді дамытып бекіту қажет. Қазіргі уақытта Орталық стратегиялық серіктес - Ұлыбританияның кітап әзірлеу және редакциялау саласында ең таңдаулы және атақты баспаларының бірі - Кембридж Университеті Баспасымен біріге отырып, бастауыш мектепке арналған оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуде. Жұмыс тобының құрамына авторлар мен редакторларды даярлайтын шетелдік мамандар, авторлар, редакторлар, методологтар, сазгерлер, өлеңдердің авторлары, әшекейлеушілер және дизайнерлер кіреді. Жобаны сәтті жүзеге асыру мақсатында Кембридж университеті Баспасы авторлар мен редакторларға арналған тренингтерді жиі өткізіп тұрады. Мұнда авторлар мен редакторларды оқу-әдістемелік кешеннің материалдарын әзірлеу мен редакциялаудағы озық техникаларға үйретеді, белсенді оқыту, шығармашылықты, логиканы, ақпаратты табу және талдау қабілеттерін дамыту және тағы да басқа тәсілдерді қолданып әзірленген тапсырмаларға сапалы тәсілдеме қолдану бойынша тәжірибемен бөліседі.

Негізгі мектеп оқушылардың көзқарастарын қалыптастырудағы және мүдделерін реттеудегі маңызды кезең болып табылады. Оқу-әдістемелік кешен тек қана оқулық болып қоймай, сонымен қатар, оқушылардың жобалар құрастыруда, ғылыми жұмыстар қорғауда, ақпаратты табу, талдау және тиімді қолдану және т.б. қабілеттерін жетілдіруде қажетті әдістемелік құрал болу керек. Осы жобаның аясында орталық Лондон университетінің Білім беру институтымен бірігіп жұмыс атқаруда. Бұл университет мұғалімдерді даярлау, оқытудың теориясын, практикасын және әдістемелерін зерттеу, сонымен қатар білім беру стандарттары мен бағдарламаларын әзірлеуде үздік оқу орны болып есептеледі. Жобаны аяқтау 2016 жылға жоспарланып отыр.

Тіл білімі – бұл таптырмас күш! Қарым-қатынас күші, өзара түсіністік күші, адамның ілгері дамуына қажетті күш. Назарбаев Зияткерлік мектептері және Білім беру ресурстары орталығы отандық және халықаралық тәжірибеге негізделген сапалы инновациялық тілдік саясатты дамыту қажеттілігінің маңызын түсінеді. Ұлыбританияның үздік баспаларының бірі, тіл мәселелері және тілді дамыту бойынша кітаптар шығарумен айналысатын – Кембридж Университеті баспасы – стратегиялық серіктеспен біріге отырып, Білім беру ресурстары орталығы қазақ тілін ана тілі және екінші тіл ретінде үйрету, орыс тілін ана тілі және екінші тіл ретінде үйрету, ағылшын тілін үйрету туралы оқулықтарды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл жоба Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үштілдік саясатын басшылыққа алады.

⚹ Қызықты және өзекті мазмұн;
⚹ Көрнекі дизайн;
⚹ Ашық, шын өмірге лайық иллюстрациялар.

Негізгі дағдыларды қалыптастыру: зерттеу жүргізу, сыни көзқарасты қалыптастыру, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана алу, мәселелерді өз бетімен шешу қабілеттері және т.б.
- Әртүрлі қосымша ресурстарды қолдану;
- Өз бетінше білім алуға септігін тигізу;
- Ұсынылған ақпараттың дұрыстығы мен өзектілігі;
- Жазбаларға арналған оқулықтың электрондық нұсқасының болуы, қажетті сілтемелермен толықтыру және әртүрлі қиындық деңгейіндегі тапсырмаларды орындау.

- Құндылықтарға, педагогикалық принциптерге, қабілеттерді дамытуға және тәрбиеге назар аудару;
- Білім беру стандартына және бағдарламаға сәйкес келу;
- Оқушыларды бағалауда нақты нұсқаулықтарға сүйену;
- Пәнаралық байланыс;
- Белсенді білім беру әдістемесіне бағытталу;
- Сыныптар арасындағы сабақтастықтың болуы;
- Тіл саясатын ұстану;
- Оқытудың әдістемелері мен технологияларының әртүрлілігін қолдану мүмкіндігі.

Оқу-әдістемелік кешенді әзірлеу жобасына сабақ беретін, әрі үлкен тәжірибеге ие мұғалімдер ат салысады. Кейбір авторлар Біріктірілген оқу бағдарламасының әзірлеушілері болып табылады. Барлық авторлар оқу-әдістемелік кешендерді алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкес әзірлеу техникаларына үйренеді, сонымен қатар, басқа елдерде қосымша біліктілікті арттыру курстарын өтеді (Сингапур, Финляндия және т.б.)

Оқу-әдістемелік кешеннің редакторлары пән мұғалімдері және филологтар болып табылады. Сапалы редакциялауды қамтамасыз ету үшін редакторларға арнайы оқыту ұйымдастырылады. Мұнда редакторлар оқу-әдістемелік кешенді оқушылардың жас ерекшеліктеріне, оқу-әдістемелік ешеннің ерекшеліктеріне сәйкес редакциялау бойынша халықаралық тәжірибемен таныс болады (пәнаралық байланысты қамтамасыз ету, үштілдік саясатты енгізу және т.б.). Сонымен қатар, халықаралық мамандар редакторлар үшін арнайы консультациялық көмек көрсетеді.

Шетелдік оқу орындарымен бірігіп орындалатын жобаларда аудармашылардың атқаратын ролі зор. Аудармашылар семинарларды, сапалық бақылауды, консультацияларды және т.б. Тәржімелеумен айналысады. Сонымен қатар, аудармашылар барлық оқулықтардың мазмұнын аударып, халықаралық сараптамалық бақылаудан өтуге ат салысады. Аудармашылар біліктілікті арттыру курстарынан жиі өтіп, өздерінің қабілеттерін ішкі тренингтер өткізу арқылы жетілдреді.

Оқу-әдістемелік кешендердің мазмұнының сапасын қамтамасыз ету және бақылау үшін әр пәннің методологы тағайындалған. Олар авторлар мен редакторларға көмек көрсетіп, оқулық мазмұнының медотология және педагогика жағынан өзектілігін және дұрыстығын қамтамасыз етуді қадағалайды.

Беделді халықаралық серіктес:
Авторлар мен редакторларға арналған оқыту семинарларын жүргізу;
Халықаралық сараптама арқылы оқулық мазмұнын жетілдіру.
Маңызды жайт:
• Оқулықтарды практик мұғалім жазады.
• Авторлар мен редакторларды халықаралық мамандар үйретеді.
• Оқулықтар қазақ және орыс тілдеріне бейімдендіріледі, яғни аударылмайды.
2017 жылға дейін!

270 оқу-әдістемелік кешенді әзірлеу, оның ішінде:
90 ОӘК - бастауыш мектеп үшін,
150 ОӘК - негізгі мектеп үшін.