Сандық білім беру ресурстары
Сандық білім беру ресурсы - бұл заманауи оқудың мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған, графикалық, сандық, тілдік, музыкалық, видео, сурет және басқа да ақпараттан тұратын ақпарат көзі.

Сандық білім беру ресурстары заманауи білім берудің ажырамас бөлігіне айналды. Осыған байланысты, біздің орталық 1-12 сыныптардағы оқытуды сүйемелдеу үшін келесі сандық білім беру ресурстарын құру, бейімдеу және сатып алу бойынша жобаларды жүзеге асырады:

  • — интерактивті мультимедиялық оқулықтар
  • — симуляторлар мен жаттығу құрылғылары
  • — 3Д роликтер мен видеолар
  • — виртуалды турлар мен зертханалар
  • — үйрететін және дамытпалы ойындар мен қосымшалар

Сандық білім беру ресурстарын әзірлеу дербес және халықаралық серіктестер көмегімен жүзеге асырылады.

Сандық білім беру ресурстарын әзірлеуде алдыңғы қатарлы мультимедиялық технологиялар қолданылады
Оқушылар сандық білім беру ресурстарын сабақтарға өз бетінше дайындық барысында және білімдерін бекіту үшін қолданады
Мұғалімдер сандық білім беру ресурстарын оқу процесіндегі басты немесе қосалқы ресурс ретінде пайдаланады
Сандық білім беру ресурстарын әзірлеу платформааралық құру технологияларын қамтиды
Сандық білім беру ресурстары әзірлеудің алдыңғы қатарлы халықаралық және отандық тәжірибесін қамтиды
Барлық сандық білім беру ресурстары халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді